09.07.2021, 09:40

«Борттағы барлық 9 адам қайтыс болған» - полиция

фото: inform.kz
Полиция бұған дейін бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Бейсенбі күні Швецияның Эребру қаласында ұшақ құлап, салдарынан борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aftonbladet газетіне сілтеме жасап.

Полиция бұған дейін бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, ұшақ ұшу-қону жолағынан бірнеше жүз метр қашықтықта құлап, жанған. Бортта сегіз парашютші мен ұшқыш болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері парашютшілер мен ұшқыштың өлімі қандай жағдайда болғанын нақтылаған жоқ.