Францияда пандемияның жаңа толқыны басталды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналы.
Билік COVID-19-дың төртінші кезеңін жариялады. Үкімет өкілі Габриэль Атталдың айтуынша, елде коронавирус пандемиясы толқынының жаңа кезеңі басталып, бұған дейінгілерімен салыстырғанда жоғары қарқынымен таралып жатыр.
Бір апта ішінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 125%-ға артқан, олардың 80%-ы дельта штамымен ауырған. Ресми Париж сауда орталықтарындағы азық-түлік пен негізгі қажет заттарын сатып алуға арналған іріктеп өткізу жүйесі сақталатынын мәлімдеді.
Карантинді бірінші рет бұзған азаматтарға € 1,5 мың еуро айыппұл салынып, қайталанса, бұл сомма € 9 мың еуроға дейін жетуі мүмкін.