21 шілдеде Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы 719 науқасқа артты. Бұл – 2021 жылғы ең жоғары көрсеткіш және өсім осымен төртінші күн қатарынан жалғасуда. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 122 048 адамға жетті. Бұл туралы бейсенбіде Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғаш рет Өзбекстанда коронавирус 2020 жылдың 15 наурызында анықталды. Соңғы уақытта вирус жұқтырғандар саны күніне 700-ге дейін жетіп отыр.
«Сәрсенбіде осы жылдың бір күніне шаққанда жаңа антирекорд тіркелді – 719 адам. Сейсенбіде 698 жағдай, дүйсенбіде - 658, жексенбіде – 585 науқас анықталды. Яғни, күн санап өсіп жатыр. Елдегі пандемиядан қайтыс болғандардың жалпы саны 814 адамға өсті», - делінген хабарламада.
Көрші елде вакцинация науқаны 1 сәуірден басталды. Бүгінге дейін 3,5 миллионнан астам өзбекстандық вакцинаның бірінші компонентін алған.