$ 443.85  474.3  4.8

Токиода тайфун ойран салуы мүмкін

«Непартак» шамамен сағатына 35 шақырым жылдамдықпен жүйткуде.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

«Непартак» деп аталатын тайфун Тынық мұхиты жағынан Жапонияның солтүстік-шығысына бағыт алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Болжам бойынша, тайфун 27 шілдеде жапон жағалауына жетіп, салдарынан нөсер жаңбыр жауып, сұрапыл жел соғуы мүмкін. Мамандар  тайфун Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиода да ойран салуы ықтимал дегенді айтуда.

Токио ойындарын ұйымдастырушылардың айтуынша, 27 шілдеге жоспарланған барлық жарыстар кестеге сәйкес өткізіледі.  Тек есу және садақ ату додалары кейінге қалдырылды. Жапонияның метеорологиялық қызметі нөсердің салдарынан көшкін жүріп, су тасқыны болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта «Непартак» шамамен сағатына 35 шақырым жылдамдықпен жүйткуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары