$ 494.87  520.65  4.91

«Оның үшеуі спортшы»: Олимпиадаға қатысып жатқан 16 адамнан коронавирус анықталды

Осылайша, COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 153 адамға жетті.
фото: google.com
фото: google.com

Токио Олимпиадиасына қатысып жатқан 16 адамнан соңғы күні тапсырылған тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталды. Бұл туралы бүгін Жазғы ойындардың ұйымдастыру комитетінің сайтында жарияланды деп жазады NEGE.

Індет жұқтырғандардың 3-уі спортшы. Олар Олимпиада қалашығында тұрмайды екен.

Осылайша, COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 153 адамға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Токиода 12 шілдеден бастап эпидахуалдың ушығуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Қатаң шектеулер 8 тамызға дейін күшінде болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары