$ 494.87  520.65  4.91

«Рұқсатсыз джинсы киген еді»: Үндістанда жас қыз туыстарының қолынан қаза болды

Қыздың туыстары оның денесінен құтылуға тырысқан.

Үндістанда бойжеткен қыз джинсы кигені үшін өмірімен қош айтысты, деп жазды kznews.kz.

Аталған оқиға 20 шілдеде болған. 17 жастағы Неха Пасвану ата-анасы жұмыс істеген кезде ата-әжесінің үйінде уақыт өткізген.

«Неха дүйсенбі күні ораза ұстады, таңертең дұға етті. Кешке намаздан кейін ол ешкімнен рұқсат сұрамай джинсы шалбар киді. Алайда, оның әжесі, атасы, ағасы мен тәтесі джинсы киюге наразылық білдірді. Бұған Неха үкімет қыздарға джинсы киюге рұқсат берді деп жауап берді. Сондықтан мен джинсы киіп, оқып, жазып, заман талабына сай қоғамда өмір сүруім керек», деді Неханың анасы.

Әйелдің айтуынша, осыдан кейін әжесі, атасы, ағасы және тәтесі қызын өлердей сабап, ауруханаға апарды. Айналасындағыларға қыздың есінен танып қалғанын айтқан.

Ақыр соңында, Неханың денесі Гандаки өзеніндегі Патон көпірінен табылды. Қыздың туыстары оның денесінен құтылуға тырысқан.

Полиция қыздың туыстары мен оларды көпірге дейін жеткізген көлік жүргізушісін қатыгез кісі өлтірудің қатысушылары мен сыбайластары ретінде қамауға алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары