30.07.2021, 16:20

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 197 миллионнан асты

Вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 ауруымен қаза тапқан жандардың саны 4 214 977-ге жетті.

Дүние жүзі бойынша COVID-19 коронавирусын жұқтырған жағдайларының саны 197 390 740 құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Worldometers-ке сілтеме жасап.

Вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 ауруымен қаза тапқан жандардың саны 4 214 977-ге жетті. 

Worldometers-тің ақпараты басқа порталдардың мәліметтерін артқа тастап тұр. Мысал ретінде, Джонс Хопкинс университетінің сайтында коронавирустық инфекцияның 196 628 018 жағдайы тіркелген деп көрсетіп тұр.