$ 495.2  522.34  4.94

Халықаралық олимпиада комитеті Беларусь шенеуніктерін жазаға тартып жатыр

Беларусьтің екі жаттықтырушысы олимпиадалық аккредитациядан айырылды.
Фото: sport-express.ru
Фото: sport-express.ru

Беларусьтің екі жаттықтырушысы "спортшыны Токиодағы ойындардан кетуге мәжбүрледі" деген айыппен олимпиадалық аккредитациядан айырылды.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Артур Шимак пен Юрий Майевичтің Олимпиада ауылынан кеткенін растады. Қазір тергеу жүргізілуде.

Беларусь спортшысы Кристина Тимановская бүкіл әлемнің назарын аударды. Ол Беларусь шенеуніктерін сынға алған соң, әуежайға мәжбүрлі түрде апарылғанын айтады. Әуежайда ол жапон полициясының қорғауына алынды.

Спортшы қазір Польшада. Оған гуманитарлық виза берілді.

Беларусь билігі оның эмоционалды жағдайына байланысты ұлттық құрамадан шығарылғанын мәлімдеді. Бірақ 24 жастағы қыз бұл шындыққа жанаспайтынын айтады. Ол Instagram-да "жаттықтырушыларының немқұрайлылығы" туралы айтқандықтан ұлттық құрамадан шығарылғанын жеткізді.

ХОК мәлімдемесінде екі жаттықтырушының аккредитациясын алып тастау "уақытша шара" екенін, "әлі де Токиода жүрген Беларусь Ұлттық Олимпиадалық Комитеті спортшыларының амандығы үшін" істеліп жатқанын жариялады.


Қамшы порталы
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары