Жексенбіде Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Facebook-тегі парақшасында қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
«Бүгін мен қиын таңдау жасадым. Ол - сарайға басып кіруге ұмтылған қарулы тәліптермен бетпе-бет кездесу немесе соңғы 20 жылымды қорғауға арнаған тамаша елімді тастап кету», - деп жазады президент.
Ганидің пайымдауынша, егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасар еді. Тиісінше, бұл бейбіт тұрғындардың қан төгуіне соқтырады.
Ел басшысының айтуынша, тәліптер "қылыш пен қару-жарақ шайқасында" жеңіске жетті және енді өз отандастарының намысы мен байлығын қорғауға толық жауапкершілікті алады.
«Бірақ олар жүректерді жаулай алмады және заңды бола алмады. Тарихта бұрын-соңды ешкімге заңдылықты берген бір билік болған емес. Оларға да бермес», - деп жазды Ғани.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Талибан» өкілдері Ауғанстан астанасы Кабулға кірді.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізгені туралы хабарланды.
ult.kz