$ 447.4  477.55  4.76

Израиль ормандарында да үлкен өрт басталды (видео)

Иерусалим аумағындағы алты шағын ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілу туралы бұйрық алған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Иерусалимнің батысында орманды алқап өртеніп, адамдар қауіпсіз аймаққа көшіріле бастады, деп хабарлайды ЭК.

Израильдің мемлекеттік Кан радиосының мәліметінше, Иерусалим аумағындағы алты шағын ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілу туралы бұйрық алған.

Тілсіз жауды тоқтатуға бірнеше өрт сөндіру бригадалары мен оннан аса өрт сөндіру ұшақтары жұмылдырылды.

Өрт салдарынан маңайдағы жолдар жабылып, ұзынсонар кептеліс пайда болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары