$ 443.85  474.3  4.8

Тәліптер белгілі әншіні атып өлтірді

Радикалды қозғалыстың көшбасшылары музыканттың шығармашылығы исламға қайшы деп есептеген.

Тәліптер Ауғанстанның халық әндерін орындап келген белгілі әнші Фавад Андарабиді атып тастады.

Бұл туралы Times Now телеарнасы әншінің туыстарына сілтеме жасай отырып хабарлады. Ақпаратты Ауғанстанның бұрынғы ішкі істер министрі Масуд Андараби Twitter-дегі парақшасында растады.

Оның сөзінше, бірнеше жауынгер әншінің үйіне басып кіріп, оны аулаға шығарып, атып тастаған.

Белгілі болғандай, әнші өз шығармаларында «Талибан» қарсыластарына қолдау көрсетіп отырған көрінеді. Ал радикалды қозғалыстың көшбасшылары музыканттың шығармашылығы исламға қайшы деп есептеген.

Бұған дейін Баглан провинциясында тәліптерге қарсы қарулы қақтығыстар болды. Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі әкімшілігінің бұрынғы басшысы Бисмилла Хан Мохаммадидің сөзінше, қарсыласқан күштер тәліптерден үш ауданды тартып алған. Салдарынан ондаған жауынгер қайтыс болды, арасында жараланғандар да бар. Дегенмен екі күн өтер-өтпестен «Талибан» қозғалысы аталған провинцияны қайта қолға алғандарын мәлімдеді.

baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары