«Ида» дауылының жақындауына байланысты Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды Sky News.
«Біз бүгін кешке ауа райының тарихи оқиғасын бастан кешіріп жатырмыз: бүкіл қалада нөсер жаңбыр, қатты су тасқыны және біздің жолдардағы қауіпті жағдайлар. Бүгін кешке көшеге шықпаңыздар және біздің жедел әрекет ету мен төтенше жағдайлар қызметтеріне өз жұмысын орындауға рұқсат етіңіздер», – деп Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио төтенше жағдай жариялады.
Аймаққа дауылдың қалдықтары ғана жетті, бірақ метро су астында қалды. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде көшедегі су тасқынының кадрларын жариялап жатыр.