$ 439.43  473.31  4.82

«Ида» дауылынан қаза тапқандардың саны 68-ге жетті

Ресми дерек бойынша, Нью-Джерси штатында жойқын желдің салдарынан кем дегенде 27 адам қайтыс болған. Нью-Йорк штатында кемінде 17 адам қаза тапты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бірақ бәсеңдесе де, сұрапыл желдің арты нөсер жаңбыр мен су тасқынға ұласып кетті.  АҚШ-тың шығысында ойран салған «Ида» дауылынан зардап шеккендердің саны 68-ге дейін артты, деп хабарлайды Inbusiness.kz CBS телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін елдің солтүстік-шығысында 45 адамның және оңтүстік-шығысында 14 адамның қайтыс болғаны жарияланды. «Ида» дауылы 28 тамызда Луизиана штатында басталып, солтүстік-шығысқа қарай біртіндеп әлсіреді. Бірақ бәсеңдесе де, сұрапыл желдің арты нөсер жаңбыр мен су тасқынға ұласып кетті.

Ресми дерек бойынша, Нью-Джерси штатында жойқын желдің салдарынан кем дегенде 27 адам қайтыс болған. Нью-Йорк штатында кемінде 17 адам қаза тапты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары