Сауд Арабиясы ауқымды шабуыл жасалуы мүмкін. Бұдан бұрын жасалған дрон шабуылдарын өз мойнына алған Йемендегі Хусит күштеріні алдағы уақытта Сауд Арабиясына ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Хусит күштерінің ресми мәлімдемешісі Мухаммед Абдусаллем өзінің «Твиттердегі» ресми мәлімдемесінде: «Бұл Сауд Арабиясының шапқыншылығы мен басып алу әрекеттеріне қарсы йемендіктердің өзін қорғау әрекеті», – деген.
Ол сөзінде Эр-Риадқа бағытталған күрестің жалғаса беретінін айтқан. Абдусаллем мәлімдемесінде алдағы шабуылдардың ұшқышсыз ұшу құрылғылары мен зымырандар арқылы жасалатынын, әрі шабуылдың ауқымы мен қуаты бұрын болып көрмеген деңгейде болатынын ескерткен.