Алапат дауыл мен толассыз нөсер кезінде болған қуатты жер сілкінісінен 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Мексиканың ұлттық сейсмологиялық орталығы акапулько қаласынан 14 шақырым жерде қуаттылығы 7,1 балл болатын қатты жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп жазды түріктің Yenisafak ақпарат агенттігі.
Герреро штатында болған жер дүмпуі салдарынан бір адамды электр бағаны басып қап, көз жұмған. Одан басқа әзірге кісі шығыны жоқ. Жергілікті билік зілзаладан келген шығынды есептеуге кірісті.
Ірі дүмпуден кейін шамамен 70-тен аса ірілі-ұсақ жер сілкінісі тіркеліп, олардың ең жоғарғы қуаты 5,2 балл болған.
Түрік агенттігінің айтуынша, зілзала салдарынан Мичоакан, Халиско және ел астанасы Мехико да зардап шеккен.