$ 494.87  520.65  4.91

Тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді

Бұл туралы Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Талибан" радикал қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған - авт.) содырлары Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. Дипломаттың айтуынша, қозғалыс өкілдері ғимаратты кейін қайтаруға уәде берген.

"Қазіргі уақытта тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне кірді. Бізге оны кейін қайтарамыз дейді. Бірақ алдымен шарап бөтелкелерін сындырып, балалар кітаптарын жою керек. Шамасы, олар қаруды одан қауіпті емес деп санайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Талибан" Ауғанстан уақытша үкіметінің құрамын жариялаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары