$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстік Корея билігі иттің етін жеуге тыйым салмақ

Бұл бастаманың анық-қанығы әлі белгісіз.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет президенті Мун Чже Ин үкімет билігіне иттің етін жеуге тыйым салуды заңдастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл бастаманың анық-қанығы әлі белгісіз, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді.

Оңтүстік Корея халқының басым көпшілігі итті үй жануары ретінде ұстайды. Сонымен қатар, иттерді етке өткізу үшін арнайы фермаларда асырайды.

Корея Республикасының жануарларды қорғау заңы оларды қорлауға және азаптап өлтіруге тыйым салады. Алайда, ел тұрғындары олардың етін жеуді тоқтатар емес. Соңғы бірнеше жыл ішінде иттің етін жеу 20-30% кеміді.

Бұған дейін Шэньчжэнь ит пен мысық етін жеуге тыйым салған Қытайдағы алғашқы қалалардың бірі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары