Қырғызтан президенті Садыр Жапаров өз пәтерін қайтарымсыз негізде мемлекеттік ипотекалық компанияға тапсырды, деп хабарлайды Адырна порталы.
«Президент бұл үйді 2005 жылы сатып алып, 5 жылдан кейін көшіп кеткен. Содан бері ол балабақша ретінде пайдаланылды", – деп жазды Президенттің баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Жапаров акцияның мақсаты "жеке тұрғын үй нарығын" жақсарту және тұрғын үйге мұқтаж халыққа көмек көрсету екенін мәлімдеді.