$ 494.87  520.65  4.91

Пакьяо ресми түрде президенттікке ұсынылды

Сайлауға спортшы биліктегі "Филиппин демократиялық партиясы - Халықтық билік" атынан қатысады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо ресми түрде Филиппин президентіне үмкерлігін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Эммануэль Дапидран Пакьяо (Мэнни Пакьяо) сайлау органына үміткерлігін ұсыну туралы куәлік тапсырған. Сайлауға спортшы биліктегі "Филиппин демократиялық партиясы - Халықтық билік" (PDP-Laban) атынан қатысады.

"Менің басты міндетім - экономиканы қалпына келтіру үшін пандемиямен күресу", - деді ол.

Тіркеу ғимаратына барар жолда Пакьяоны жол шетінде ондаған жақтасы қарсы алғаны айтылады.

Пакьяо президенттікке үміткерлер арасында төртінші орында екенін көрсетіп, "кедейлердің дауысы естілмегенін" айтты.

2016 жылдан бері бокстан бұрынғы әлем чемпионы елдің сенаторы қызметін атқарған. Филиппин президентіне сайлау 2022 жылы 9 мамырда өтеді.

Бұған дейін Мэнни Пакьяо кәсіби карьерасын аяқтағаны туралы хабарлаған болатын. Филиппиндік боксшының ел президенті сайлауына түсетіні белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары