$ 448.81  476.82  4.77

Қамауға алынған Михаил Саакашвили аштық жариялады

Оның елге қалай кіргені әлі анық емес. Саакашвили сегіз жылдан бері шетелде тұрып жатқан болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ел аумағында ұсталған болатын. Ол енді қарсылық ретінде аштық жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Михаил Саакашвилидің тұтқындалғанын Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили хабарлаған.

"Біздің құзырлы орган өкілдерінде оның Украинадан бастап, Грузияға дейінгі сапары жайында алдын-ала мәлімет болды", ­- дейді Ираклий Гарибашвили.

Сакашвили жұма күні Facebook парақшасында видео салған. Саясаткер видеода өзінің Грузияның Батуми қаласында жүргенін көрсеткен.

Оның елге қалай кіргені әлі анық емес. Саакашвили сегіз жылдан бері шетелде тұрып жатқан болатын.

Бұған дейін ресми Тбилиси экс-президент елге келген бетте қамауға алынады деп бірнеше рет хабарлаған. Грузияның үшінші президентіне бірнеше бап бойынша айып тағылған. Солардың бірі — лауазымын асыра пайдалану.

Қамауға алынғаннан кейін Саакашвили саяси тұтқын екенін айтып, аштық жариялады. Бұл туралы Грузияның омбудсмені Нино Ломджария мәлім етті.

Саакашвилиге барғанымда ол дәрігердің қарауында болып, медициналық тексерістен өтті. Сосын камераға қамағанда сөйлесуге мүмкіндік болды. Сол кезде аштық жариялайтынын айтты, — дейді Ломджария.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары