Сочидегі Адлерде ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак отырған көлік жол апатына ұшырады, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Алдын ала мәлімет бойынша, Адлерден Красная Полянаға дейінгі жолда Mercedes пен Volkswagen көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Volkswagen жолаушысы қаза болды, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Regnum ақпаратына сүйенсек, Собчак әуежайға бара жатқан. Бұл оқиғадан кейін ол күзетшілер мен көмекшілермен бірге басқа көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.
REN TV Telegram-арнасының мәліметінше, тележүргізушінің менеджері Кирилл Суханов бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Алайда Mercedes жүргізушісі апат кезінде көлікте Ксения Собчак болғанын растады.
tengrinews.kz