Ыстамбулдағы қымбат желілік қонақүйде бұзақылық болды. Жоғарғы қабаттан төменде ашық кинотеатрда кина қарап отырған қонақтардың үстінен жеті шелек су құйылды. Полиция бұзақыны іздеп жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Sabah газетінің мәліметінше, оқиға Ritz Carlton қонақүйінде кешкі ашық аспан астында фильм көрсетілімі кезінде болған. Қонақүй клиенттері дүрбелеңмен демалыс орнынан қашып кеткен.
Қонақүй басшылығы жағдайды талдай отырып, судың кім төккенін болжады. Олар жоғарғы қабатта тұратын заңгерден күдіктенді. Алайда олар бейнебақылаудағы жазбалардан да бұзақының кім екенін анықтай алмады. Қонақүй басшылығы полицияға шағым түсірді.