Қытайдың Хубэй провинциясында үйлену тойында қалыңдық күйеу жігіт сыйға тартқан ондаған килограмм алтын әшекейді тақты.
Дәстүр бойынша қалыңдықтың өтеуін төлеп алу үшін алтынды күйеу жігіттің отбасы сатып алған. Оның туыстары қызға екі ірі білезік сыйлады, ал күйеу жігіттің өзі әрқайсысының салмағы бір килограмм тартатын 60 қымбат алқа тақты.
Әшекейлер ауыр болғандықтан қалыңдық өздігінен жүре алмады, оған болашақ күйеуі көмектесті, деп хабарлады lenta.ru.
Қалың мал төлеу – Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың кейбір елдерінде сақталған ежелгі дәстүр. Қытайда қалыңдықтың туыстары некеге келісу үшін әдетте 200 000 юань (12 миллион теңге) мен пәтер талап етеді.
Ресейде, Украинада және көптеген еуропа елінде керісінше әдет-ғұрып кеңінен таралған: күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың жасауын күтеді.