27.10.2021, 10:20

Германия канцлері Ангела Меркель ресми түрде отставкаға кетті

Фото: ашық дереккөз
Меркель канцлер қызметін уақытша атқарады.

Ел президенті экс-канцлерге үкімет басшысы қызметін босату туралы ресми ескерту құжатын табыстады. Меркель канцлер қызметін уақытша атқарады, деп хабарлайды, РИА Новости.

Ангела Меркелдің үкіметі жаңа министрлер кабинеті құрылғанша билікте қалады, - деп көрсетілген хабарламада.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер экс-канцлерге "еліне сіңірген еңбегі үшін" алғыс білдірді.