$ 445.66  474.58  4.78

«Кальмар ойыны» фильмінің үлгісімен өткен кеште 8 адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, екі жергілікті қылмыстық топ арасында атыс болып, салдарынан бес адам оққа ұшқан.

Панамадағы "Кальмар ойыны" үлгісімен өткен Хэллоуин кешінде 8 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы 31 қазан күні TN News мәлімдеген.

Оқиға 29 қазан күні таңертең болған. Алдын ала болжам бойынша, екі жергілікті қылмыстық топ арасында атыс болып, салдарынан бес адам оққа ұшқан. Сондай-ақ тағы үш адамның мәйіті жақын маңдағы қоқыс тастайтын маңнан табылған. Жеті адам түрлі жарақат алған.

Прокурор Рафаэль Балойестің айтуынша, атыс бір адам "Лос-Галактикос" деп аталатын бәсекелес топтың мүшелеріне оқ атқаннан кейін басталған.

Қазіргі уақытта екі адам ұсталды, оның ішінде атыс кезінде қаза тапқандардың бірінің ағасы да бар.

"Болжам бойынша, ол бауырын қорғау үшін атыс қаруын қолданған болуы мүмкін", - деді прокурор.

Өз кезегінде полиция директоры Джон Дорнхайм қатысушылардың кейбірі бұрынғы қақтығыстардың салдарынан сотталғанын және оқ жарақатын алғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары