$ 494.87  520.65  4.91

Мирзиеев Өзбекстанда әлеуметтік желілерді бұғаттаған шенеунікті жазалады

Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді «біржақты және ойластырылмаған» деп атады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Узкомназорат" басшысы Голибшер Зияев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша, республикадағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталғаннан бірнеше сағат өткен соң, "қате және келісілмеген әрекеті үшін" қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді "біржақты және ойластырылмаған" деп атады.

"Жақын арада барлық әлеуметтік желіге қолжетімділік қалпына келтіріледі деп ойлаймын", - деді Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

Басылым мәліметінше, Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция ("Узкомназорат") тізілімінде Telegram, Facebook, Одноклассники, YouTube және басқа сайттарға кіруді шектеу туралы белгілер жойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары