$ 443.35  475.54  4.82

«Мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды» деген айыппен 15 адам ұсталды

Топ жетекшілерінің арасында депутаттар мен бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер бар.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "билікті күшпен басып алуға дайындалған" 15 күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы АКИpress Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Тергеу органдарының мәліметіне сәйкес, жекелеген "деструктивті саяси күштер" жетекшілік ететін қылмыстық топтың әрекетіне байланысты "бұлтартпас айғақтар" табылған. Топ жетекшілерінің арасында Жогорку кеңеш депутаттары мен бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер бар. Тергеу мәліметінше, бұл топ 28 қарашаға белгіленген парламенттік сайлаудан кейін бірден мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған.

Тергеу тұжрымдамасына сүйенсек, аталған топ жаппай наразылық акциясын ұйымдастыруға мың шақты жігіт-қызды тартқан. Олармен жүйелі түрде кездесу ұйымдастырып, мемлекеттік құрылымға қарсы "идеологиялық үгіт-насихат" жүргізген. Жаппай наразылық тұтандырып, соңы билікті күшпен басып алуға ұласатын жоспарды талқылаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары