05.12.2021, 21:18

Ердоған Түркияның атауын өзгертті

Фото: ашық дереккөз
Енді түрік өнімдері нарыққа Made in Turkey деген атаумен емес, Made in Türkiye деген ортақ брендпен ұсынылатын болды. Тиісті жарлыққа президент Режеп Тайып Ердоған қол қойды.

Ердоған қол қойған құжат елдің ресми ақпараттарын жариялайтын Official Gazetteбасылымында жарық көрді, деп жазады nege.kz.

Бұл шешім түрік экспорттаушыларының ізгі ниеттерін растау үшін жасалған тағы бір кешенді қадам,- деп жазылған аталмыш жарлықта.

Сонымен қатар, құжатта түсіндірілгендей, Made in Türkiye брендтық термині Түркия халқының мәдениеті мен құндылықтарын тереңірек көрсететіндігі айтылған.

Түрік билігі бұл терминді шетелдік серіктес елдермен хат алмасуда қолдануды көздеп отыр.