09.12.2021, 12:00

Өзбекстанда қызметкерлер төбетей киюге міндеттелді

Фото: ашық дереккөз
Бұл ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында жасалған.

Өзбекстан Мәдениет министрлігі қызметкерлеріне төбетей киюге бұйрық берді. Бұл туралы ведомство басшысы Озодбек Назарбеков мәлімдеді. Бұл ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында жасалған.

– Әр халықта ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, құндылықтарға құрмет болатыны тарихтан белгілі. Атап айтсақ, халқымыздың бас киім, беқасам шапан, жібек белбеу сынды ұлттық киімдері бүгінде де құндылығын жойған жоқ. Осы құндылықтарды ұстанып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін жаңа бастаманы қолға алдық. Қазір Мәдениет министрлігі қызметкерлері жұмыс орнында өзбектің ұлттық бас киімін киіп жүр, – деді Назарбеков.

Министр барлық сала өкілдерін, шығармашылық адамдарын, патриоттарды қарамағындағылардан үлгі алуға шақырды. Бұл шара елдің Конституциясы күніне орайластырылды.