$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеге рақымшылық жасалды

2019 жылы Пак Кын Хе иығына ота жасатқан, ал биыл экс-президент иық пен омыртқадағы созылмалы ауруға байланысты үш рет ауруханаға түскен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Корея Республикасының билігі сыбайлас жемқорлық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 22 жылға сотталған бұрынғы президент Пак Кын Хеге рақымшылық жасайды. Бұл туралы жұма күні Yonhap агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, 69 жастағы Пак Кын Хе жаңа жыл қарсаңында рақымшылыққа ілінетін адамдардың тізіміне енгізілген. Тиісті шешім оның денсаулық жағдайын ескере отырып, гуманитарлық себептермен қабылданған. 2019 жылы Пак Кын Хе иығына ота жасатқан, ал биыл экс-президент иық пен омыртқадағы созылмалы ауруға байланысты үш рет ауруханаға түскен.

Пак Кын Хе төңірегіндегі саяси жанжал 2016 жылдың қазан айында оның құрбысы Чхве Сун Сильдің мемлекет басшысына әсері туралы ақпарат баспасөзде пайда болған кезде туды. Жанжалға қатысты тергеу оның бірнеше жыл бойы үкіметтің егжей-тегжейінен хабардар болып, саяси шешімдер қабылдауға араласқанын көрсетті.

Сонымен қатар, президенттің құрбысы бірқатар компанияларға қысым көрсетіп, оның қарамағындағы қорларға ондаған миллион доллар аударуға мәжбүрлеген. Сыбайлас жемқорлық фактілері және Чхве Сун Сильдің мемлекеттік қызметке заңсыз қатысу әрекеттері анықталғаннан кейін бүкіл елде ірі шерулер толқыны өтіп, оған қатысушылар президенттің дереу отставкаға кетуін жақтады.

Парламент шешімімен Пак Кын Хе қызметінен босатылып, кейін қамауға алынды. Оңтүстік Корея сарапшыларының пікірінше, елдің бұрынғы көшбасшысының босатылуы келесі жылдың наурыз айындағы президенттік сайлауға әсер етеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары