Әлем 03.01.2022 сағат 05:19

Ел билігі ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатты

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің мәліметінше, бұған дейін жергілікті телеарналарға лицензиялық бақылау жүргізілген.
Ел билігі ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатты
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қырғызстан кейбір ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz. 

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің мәліметінше, бұған дейін жергілікті телеарналарға лицензиялық бақылау жүргізілген.

Ол «Телевизия және радиохабар тарату туралы» Қырғыз Республикасының заңында белгіленген лицензиялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында жасалды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде жоғарыда аталған Ереженің 31-тармағына сәйкес бұрын ескерту және айыппұл салынған телеарналарда мемлекеттік тіл және өндіріс туралы ережелерді сақтау бойынша заңбұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты аналогтық хабар таратуға және цифрлық хабар тарату пакетіне теле-радиоарнаны орналастыруға, таратуға рұқсат келесі телеарналар үшін тоқтатылды:

«8 канал»,

«РТВ Медиа»,

«НТВ КейДжи» және «Домашний»

«Берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш негізінде REN TV арнасы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап эфирге шығуын тоқтатады, – делінген Мәдениет министрлігінің хабарламасында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар