$ 443.85  474.3  4.8

Бір күнде әлем бойынша 4100-ден астам рейс тоқтатылды

Оның ішінде тек АҚШ-тың өзінде 2500 рейс тоқтатылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ковид-19 омикрон штамының таралуы және ауа райының қолайсыздығы бүкіл әлем бойынша 4100-ден астам рейстің тоқтатылуына себеп болды, деп хабарлайды Associated Press.

Оның ішінде тек АҚШ-та 2500 рейс тоқтатылды. АҚШ-та  тоқтатылған рейстер санының ең көбі  25 желтоқсанда тіркелді.

Әуе компаниялары коронавирустық инфекциялардың өсуіне байланысты қызметкерлердің жетіспеушілігіне шағымданды.

Oмикрон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен  Қазақстан Президентін қатты алаңдатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2021 жылы әлемде КВИ-дан 3,5 миллион адам қайтыс болған. Алматы қаласы әкімінің орынбасары  омикронның қазірдің өзінд қалада таралып жатқанын айтты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары