$ 447.4  477.55  4.76

Вашингтон халқы әбігерге түсті

АҚШ-тың шығыс бөлігі мен ел астанасы Вашингтонда боран соғып, қар жауды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ұйтқыған юоранның салдарынан мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептер жабылып, мыңдаған адам жарықсыз қалды.

Шаһардың кей жерлерінде қардың қалыңдығы 40 сантиметрге дейін жетті. Тіпті Джо Байденнің ұшағы Делавэр штатынан жарты сағатқа кешігіп ұшты.

Ал Вашингтон кортежі кептеліске тап болды. Бірақ бұл біреуге әбігер туғызғанмен, біреулерге қызық. Өйткені шаһарда көп жылдан бері дәл мұндай қар жаумаған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары