АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кіретін болса, Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыратынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Bloomberg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Байден Путинге қарсы санкциялар Ресей шабуыл жасаса, оның «ауыр зардаптарының» бір бөлігі болатынын атап өтті. Ол сондай-ақ Украинамен шекараға жүз мыңнан астам әскер тартылған кезде Путиннің не істейтінін білмей қалатынын атап өтті.
«Менің ойымша, оның адамдары оның не істейтінін нақты білмейді», - деді Байден.