Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтініші тіркелді. Бұл туралы ЕО-дағы Украина өкілі Всеволод Ченцов Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Құжатқа президент Владимир Зеленский қол қойды.
"Президент Зеленский қол қойған Украинаның ЕО мүшелігіне өтінішін Францияның ЕО-дағы Тұрақты өкілі Филипп Леглиз-Костаға бердім (...) Өтінім тіркелді. Процесс басталды", - деді Ченцов.
Бұған дейін Зеленский Украина ЕО-ға мүше болуға құқылы екенін мәлімдеген болатын. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке терең трансформациялық процестерден өту керек екенін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты.