$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк елден доллар шығаруға тыйым салды

Шешім елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданғаны хабарланды.

Қырғызстанда қолма-қол долларды елден тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Тыйым коммерциялық банктерге, айырбастау бюроларына, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға қатысты. Талап жеке тұлғаларға және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қолданылмайды.

Шешім Қырғызстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданғаны хабарланды. Қолма-қол ақшаны Қырғызстаннан тыс жерлерге шығаруға тыйым 2022 жылдың 11 наурызы сағат 17.30-дан бастап қолданысқа енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#доллар #тыйым