$ 494.87  520.65  4.91

Италия ресейлік миллиардер Андей Мельниченконың яхтасын тәркіледі

Бұған дейін Германия – Батыс санкциясына ілінген ресейлік миллиардер Әлішер Османовтың яхтасын, Франция "Роснефть" басшысы Игорь Сечиндікі деп айтылатын қымбат қайықты тұтқындаған.

Италия қаржы гвардиясы ресейлік кәсіпкер Андрей Мельниченконың яхтасын тұтқындады. Құны шамамен жарты миллиард доллар тұратын 143 метрлік суперяхта әлемдегі ең ірі қайық болып саналады.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін өзге ресейлік миллиардерлер сияқты Андрей Мельниченко да ЕвроХим және СУЭК компанияларының иесі ретінде Батыс санкциясына ілінген.

BBC-дің жазуынша, жуырда ол компанияны бірден басқа адамдардың меншігі ретінде жаздырып, директорлар кеңесінен шығуға асыққан. Бірақ соған қарамастан яхтасы тұтқындалған.

Қайықтың дизайнын француз дизайнері Филипп Старк ойлап тапқан, немістің Nobiskrug компаниясының мамандары құрастырған.

Бұған дейін Германия – Батыс санкциясына ілінген ресейлік миллиардер Әлішер Османовтың яхтасын, Франция "Роснефть" басшысы Игорь Сечиндікі деп айтылатын қымбат қайықты тұтқындаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары