Украина қарулы күштеріне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Киев маңында екені расталса, оның көзін жоюға бұйрық берілді.
Бұл туралы 13 наурызда ұлттық телемарафон эфирінде Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді.
13 наурызда желіде Шешенстан мемлекеттік арнасы Грозный жариялаған видео пайда болды: «Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров арнайы әскери операцияға қатысқан жауынгерлермен бірге Украинада».
Бейнесұхбатта қол астындағы қызметкер Киевтен 7 шақырым жердегі балалар үйін басып алу операциясы туралы хабарлайды. Видео нақты қай жерде және қашан екені белгісіз, қараңғы жертөледе түсірілген.
"Қазір ақпараттың дұрыс-бұрыс еместігі тексеріліп жатыр. Бірақ оны кеше Грозныйда біреулердің көргені туралы ақпарат бар. Бірақ бір күнде Киевке келуге болады. Дегенмен сыртқы түрінің ұқсауы ештеңе шешпейді. Ақпарат рас болса, біз оны құртамыз. Егер ақпаратты анық болмаса, келесі жолы жоямыз", – деді Арестович.
Kadyrov_95 Telegram-арнасы «Егер Қадыров шынымен де Киевтің жанында болса, Украина Қарулы Күштері оны жояды – Арестович» деген тақырыпты қайта жариялап, «Неге «егер» дейді? Видеоны көрмедің бе, әлде есігіңді қағуым керек пе?» делінген хабарламада.
Өз кезегінде Арестович бұл ұсынысқа Facebook желісінде: «Ал, қағып көрсін» деп жазды.