14.03.2022, 10:40

Түркіменстандағы президент сайлауы: үміткер Сердар Бердымұхамедов дауыс беруге ескі Жигули мініп келді

Алдын-ала болжам бойынша президент Гурбангулының ұлы Сердар Бердымұхамедов 95% дауыс алған.

Көршіміз Түркіменстанда президент сайлауы өтті. Алдын-ала болжам бойынша президент Гурбангулының ұлы Сердар Бердымұхамедов 95% дауыс алған, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Нақты нәтижелер енді жарияланады. Бір қызығы Сердар дауыс беруге ескі “Жигули” көлігімен келіпті.

Ол осылайша өзін қарапайым, халыққа жақын етіп көрсетпек болған екен, алайда бейресми ол елдегі ең бай тұлға саналады. Осылайша 40 жастағы Сердар таққа жайғасты деуге болады.