23.03.2022, 16:40

АҚШ-та торнадо дауылының салдары кісі шығынына алып келді

АҚШ-тың Техас, Оклахома және Луизиана штаттарында торнадо соғып, 2 адам опат болды.

АҚШ-тың Техас, Оклахома және Луизиана штаттарында торнадо соғып, 2 адам опат болды. Ондаған адам жарақат алды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдымен Техастың солтүстігі мен оңтүстігінде бірнеше рет құйын көтеріліп, көптеген үй мен ғимаратты талқандап кеткен. Аймақта 120 мыңдай тұрғын жарықсыз қалды. Оклахоманың оңтүстігінде де осындай жағдай. Көптеген ғимарат қирады.

Лорен Рутледж, тұрғын: - Алдында үйдің терезелері сылдырады. Содан торнадоның келгенін біліп, бірден жуынатын бөлмеге барып тығылдық. Өйткені Техаста мұндай бөлмелер мықтап салынады. Торнадо бар-жоғы 25-30 секундтай соққанымен айналаның бәрін тас талқан етті.