Ресей президент Путин Украинаның Буча қаласындағы қырғынды фейк деп атады. Бұл туралы халықаралық ғарыш күніне орай, Ресейдің Амурь облысындағы Восточный» ғарыш айлағында сөйлеген сөзінде айтты.
«Бучаға қатысты. Сирия АҚШ әуеден атқылағанда қырылған адамдардың мәйіті айлап жатты.Ешкім ештеңе деген жоқ. Химиялық қару қолданды деген фейк болып шықты. Буча да сондай фейк», – деді Путин.
Сондай-ақ ол Белорусь президенті Бучаға қатысты құжаттарын бергенін, ол құжаттар Буча қырғының қойылым екенін дәлелдейтінін де сөз етті.
Ресей әскер Буча қаласынан азат етілген соң, Ресей әскерінің қолынан қаза тапқаны ондаған тұрғынның мәйіті табылып, бұл әлемге тараған еді. Буча қырғынына соң, АҚШ және батыс елдері Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады. Әрі Путинді әскери қылмыскер ретінде халықаралық сотқа тартуға өтініш берген елдер саны өсті.
arasha.kz