$ 444.22  476.38  4.82

Финляндия парламенті НАТО-ға мүше болу туралы бастаманы қолдады

Парламенттегі пікірталас 14 сағаттан астам уақытқа созылды, осы уақыт ішінде депутаттар 212 рет сөз алды.

Финляндия Парламенті өз елінің Солтүстік атлантикалық одаққа ену бастамасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң шығарушы органның ресми сайтында осы мәселені қараған отырыс трансляциясы тікелей жүргізілді.

Парламенттегі пікірталас 14 сағаттан астам уақытқа созылды, осы уақыт ішінде депутаттар 212 рет сөз алды.

200 адамның 188-і аталған бастаманы жақтап, "иә" деп дауыс берді.

Өз сөздерінде әртүрлі партия өкілдері Финляндияның альянс мүшесі болу ниеті ешкімге қарсы бағытталмағанын атап өтті. Премьер-министр Санна Марин отырыстың ашылуында сөйлеген сөзінде НАТО-ға кіру мақсатын былай нақтылады: "Егер біреулер бізге шабуыл жасаса, олар бізге көмектеседі. Егер одақтағы басқаларға шабуыл жасалса, біз көмектесеміз".

Ел үкіметі Президенттің қарауына ресми ұсыныс енгізеді деп болжанып отыр. Мемлекет басшысы Саули Ниинисте оны мақұлдағаннан кейін, Финляндияның НАТО-дағы елшісі Клаус Корхонен өтінішті Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық альянстың штаб-пәтеріне жолдайды.

Швеция мен Финляндия қазір бейтарап мәртебеге ие. 15 мамырда Финляндия НАТО-ға мүше болу туралы шешім қабылдағанын ресми түрде жариялады. Швеция билігі де осындай мәлімдеме жасады.

Бүгін Швеция СІМ басшысы Анн Линде Солтүстік Атлантикалық одаққа кіру туралы өтінішке қол қойды. Әскери блокқа кіру процесі шамамен бір жылға созылады деп жоспарланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары