Әлем 23.05.2022 сағат 05:37

G7 елдері Ресей активтерін тәркілеу мәселесін талқылап жатыр

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны "ашықтан ашық тонау" деп атады.
G7 елдері Ресей активтерін тәркілеу мәселесін талқылап жатыр
Фото: censor.net
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Үлкен жетілік" (G7) елдерінің қаржы министрлері 20 мамырдағы кездесуде ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін талқылады. Бұл туралы Германияның Қаржы министрі Кристиан Линднер арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

G7 елдерінің министрлері ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін қозғады, бірақ ол тек мемлекеттік қаражатқа қатысты болуы керек, жеке меншіктің емес, – деді ГФР Қаржы министрі Кристиан Линднер

Министр G7 елдерінің қаржы министрлік басшылары, әзірге "Ресей мемлекеттік акторлары активтерін тарту және оны қалпына келтіру үшін пайдалану (Украина)" мәселесін талқылап жатқанын атап өтті. Линднердің айтуынша, бұл мәселе толығымен шешілмеген, оны мұқият қарастырған жөн.

Бұған дейін АҚШ пен ЕО билігі Украинаны қалпына келтіру үшін бұғаттағы ресейлік активтерді пайдалануды ұсынған болатын. Линднер G7 мен ЕО Украинаны қалпына келтіруді қаржыландыру үшін Орталық банктің бұғатталған резервтерін пайдалану мүмкіндігін талқылап жатқанын айтты.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай шешім заңсыз, өрескел және тиісті жауапты қажет ететінін айтты. Ол мұны "ашықтан ашық тонау" деп атады.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар