$ 447.4  477.55  4.76

Тағы бір елден маймыл шешек вирусы анықталды

Адамдар арасында ауру жұқтырудың 92 жағдайы анықталғаны белгілі, кісі өлімі тіркелген жоқ.

Біріккен Араб Әмірліктеріне Батыс Африкадан келген 29 жастағы әйелден маймыл шешегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

WAM хабарлағандай, науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі БАӘ-нің басқа ведомстволарымен бірге жағдайды талқылап, денсаулық сақтау саласындағы жағдайды белсенді түрде бақылауға алады.

Ел тұрғындарына ауру туралы тек ресми ақпарат көздеріндегі деректерге сүйенуге және "қауесеттер мен жалған ақпарат таратудан аулақ болу" ескертілді.

22 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі ауруының көбейіп бара жатқаны туралы хабарлады. Адамдар арасында ауру жұқтырудың 92 жағдайы анықталғаны белгілі, кісі өлімі тіркелген жоқ.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде маймыл шешегі ауруына күдік келтіру бойынша бір де бір жағдай тіркелген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#маймыл #вирус