$ 446.49  475.38  4.79

Түркия Сирияға қарсы әскери операция бастады

Анкара 2016 жылдан бастап Сирияның солтүстігінде төрт операция жасап, жүз шақырымнан астам аумақты басып алды.

Түркия Сирияның солтүстігінде жаңа әскери операция бастады, - деп хабарлайды REUTERS.

Түркия Сирияның Тель-Рифаат және Манбидж елді мекендерінде әскери операция "террористерден тазартудан" бастайды. Бұл туралы Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

"Біз Оңтүстік шекарамыздың бойында 30 шақырымдық қауіпсіз аймақ құру идеясының жаңа кезеңіне аяқ бастық. Тель-Рифаат пен Манбидждегі террористерді жоямыз және басқа аймақтардағы лаңкестерді де ұмытпаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, Анкара 2016 жылдан бастап Сирияның солтүстігінде төрт операция жасап, жүз шақырымнан астам аумақты басып алды. 

tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркия #Сирия