Нөкіс тұрғындары қазір қала көшелерінде (кеше мыңдаған адам Конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсылық білдіріп, наразылыққа шыққан болатын) тыныштық орнағанымен, әр жерде әскерилер тұрғанын хабарлады.
Аты-жөнін атамауды сұраған Нөкіс тұрғындарының бірі бүгін Қарақалпақстан астанасында не болып жатқанын айтып берді.
"Қазір далаға шығу қауіпсіз, халық тарап кетті, митинг жоқ. Бірақ бәрібір әскерилер мен сарбаздар орталық көшелерге өтуге рұқсат бермейді, олар бүкіл жолды жауып тастады. Маған Ресейден таныстарым хабарласып, мұның бәрін, мына митингті біреулер басып алу үшін жасап жатыр дейді. Жоқ, бұл олай емес! Қазір бізге жан-жақтан қысым бар, – дейді ер адам.
Оның айтуынша, олар Конституциядан кез келген уақытта Өзбекстаннан бөлініп шығуға мүмкіндік беретін «егемендік» сөзін алып тастағысы келген. Ер адам көшеге тек Қарақалпақстанның егемендігін сақтау үшін шыққанын және наразылық үкіметті құлату немесе Өзбекстанды басып алу үшін болды деген айыптаулардың мүлдем шындыққа жанаспайтынын түсіндірді.
Бір күн бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев республика аумағында 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай кезінде барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады, сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Қазіргі уақытта Республика аумағына кіру және шығу шектелген.
Orda.kz