$ 498.34  519.72  4.85

Еуропада маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны үш есеге өскен

Инфекцияның көпшілігі 21 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында тіркелген.

Кейінгі екі аптада Еуропа аймағында маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе артып, 4,5 мыңнан асты. Бұл туралы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге айтты.

Оның айтуынша, әлемде маймыл шешегіне шалдыққан науқастардың 90%-ке жуығы Еуропада тіркелген.

"Менің 15 маусымдағы соңғы сөзімнен бері алты жаңа ел мен аумақ маймыл шешегі ауруы табылғанын хабарлады. Барлығы 31. Осы кезең ішінде жаңа жағдайлардың саны үш есе өсті және бүкіл аймақта зертханада расталған жағдай 4500-ден асып түсті", - делінген Клюге хабарламасында.

Оның айтуынша, инфекцияның көпшілігі 21 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында тіркелген. Олардың 99%-ы ер адамдар, көпшілігі ер адамдармен жыныстық қатынаста болған.

ДДҰ аймақтық бюросы басшысының айтуынша, пациенттердің шамамен 10%-і емдеу немесе оқшаулау мақсатында ауруханаға жатқызылды. Ал бір науқас жан сақтау бөліміне орналастырылды. Ол бүгінге дейін ДДСҰ-ға өлім-жітім туралы мәлімет түспегенін атап өтті.

aikyn.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары