$ 445.66  474.58  4.78

Ереванда жойқын жарылыс болды

51 адам зардап шекті.

Арменияның астанасы Еревандағы сауда орталықтарының бірінде жойқын жарылыс болып, 51 адам зардап шекті. Тағы бір адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алғашында жарылыс салдарынан зардап шеккен 20 адам жайлы айтылған еді. Алайда кейіннен елдің денсаулық сақтау министрлігі олардың саны 51-ге жеткенін мәлім етті. Зардап шеккендердің арасында өрт сөндірушілер де бар.

Sputnik Арменияның хабарлауынша, сауда орталығына құтқарушылардың сегіз жауынгерлік бригадасы мен жедел жәрдем келген. 

Куәгерлердің айтуынша, әуелі қатты жарылыс болған, кейіннен тағы да жарылыс дауыстары естілген.

Жергілікті басылымдар үйінді астында адамдардың қалуы мүмкін екенін жазады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары