$ 446.49  475.38  4.79

Украинада Зеленский, Ердоған және БҰҰ бас хатшысы Гутерриш үшеуі келіссөз өткізді

Ресей басып алған жерлерден кеткенде ғана бейбіт келіссөздер басталады.

Украинаға келген Ердоған үш жақты келіссөз өткізеді. Украинаның Львов қаласында Түркия мен Украина президенттерінің және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен өткен үшжақты келіссөздер аяқталды. 

Бұл туралы ТиАрТи Уорлд ((TRT WORLD)) телеарнасы хабарлады. 

Келіссөздер шамамен 40 минутқа созылды және жабық форматта өтті. Тараптар бидай экспортын, Ресей-Украина дағдарыс шешу жолдарын талқылады. 

Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін шартты атады. 

"Ресей басып алған жерлерден кеткенде ғана бейбіт келіссөздер басталады", - деді Зеленский. 

«Бұлай болмайынша Украинаның бұл мәселедегі ұстанымы өзгермейді» дегенді қадам айтқан. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары