$ 444.22  476.38  4.82

СІМ Ресейдегі жол апатында Қазақстан азаматтары қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін Ресейдің Ульяновск облысында жол апатынан 16 адамның қайтыс болғаны туралы хабар тараған еді.

Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ульяновск облысында болған жол апатына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Ресей Федерациясы Ульяновск облысы төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, аталған облыста болған жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Ресейдің Ульяновск облысының Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

«Жол апаты салдарынан микроавтобуста болған 15 адамның және жүк көлігінде болған 1 адамның көз жұмғаны анықталды. 3 адам ауруханаға жеткізілді, 1 адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша Ульяновск облысында жол апатына ұшыраған микроавтобуста Қазақстан азаматтары болған», - деген ақпарат тартты ТАСС агенттігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары